Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2023

Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді


Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубай‌қызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді.
Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндет. Еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей‌жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасыға береке-бірлік тілеймін», – деді қарт анамыз.