28
декабрь
2024
Құрметті Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналары, оқушылары және әріптестер! Келе жатқан Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
Құрметті Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналары, оқушылары және әріптестер! Келе жатқан Жаңа 2025 жыл құтты болсын! Қысқы демалыс басталған кезде балалардың қауіпсіздігі ата-аналар, педагогтер мен жалпы қоғам үшін маңызды міндетке айналады. Осы кезде балалар таза ауада белсенді демалып, қысқы спорт түрлерімен айналысады. Сондай-ақ, осы уақытта басқа да маусымдық факторлармен байланысты балалардың жарақат алу қаупі артады.Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарды негізгі сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ЕСКЕРТЕДІ:
1.МҰЗ АЙДЫНЫНДА ЖӘНЕ ТӨБЕШІКТЕН СЫРҒАНАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
2. ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ
3.СЫРҒАНАЙТЫН ОРЫНДЫ ЖӘНЕ ОНДА БОЛУ УАҚЫТЫН БАҚЫЛАУ
4. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Сонымен қатар, Министрлік балалардың эмоционалды және психологиялық қауіпсіздігінің маңыздылығына назар аудартады.
Қысқы демалыс – бұл отбасымен бірге болу, қызығушылықтар мен шығармашылық әрекеттерді дамыту уақыты. Балаларыңыздың бос уақыттарын қалай өткізетініне көңіл бөліңіздер.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Балаларымыздың қысқы демалысы жарқын, көңілді және қауіпсіз өтсін!