2 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
апрель
2023

2 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ





                  Жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылырыммен түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрамын. Соның бірі – аудандық кітапханада өткен білгірлер сайысы.

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай, Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітап - біздің досымыз" атты білгірлік сайысы өтті.
Аталған шарада Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары үш топқа бөлініп, үш бөлімнен тұратын сайыс тапсырмаларын топпен орындады. Кітап күніне орай өткізілгендіктен оқушыларға берілген тапсырма сұрақтары кітап төңірегінде болды. Мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып, жұмбақ шешіп, тап бойынша жарысқа түсті. Сайыс кезінде оқушыларға қызық та қиын болған сәт – оқу бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін өздері мектепте оқыған шығармалардан берілген үзінділердің авторы мен шығарма атын айу кезеңі болды. Алайда сыныптың озат оқушылары бұл сыннан да сүрінбей өтті. Білгірлік пен тапқырлық танытып 1-орынды "Қыран" тобы иеленсе, ұпай санымен тең түсіп, қосымша тапсырмаға дұрыс жауап беріп 2-орынды "Арлан" тобы, 3-орынды "Тұлпар" тобы иеленді.
Оқушылардың кітап оқуға құштарығын арттыру бағытында әдебиет сабағында ғана емес, қосымша іс-шаралар жүргізу арқылы оқушының жүрегіне жол табу міндетім деп санаймын. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын таппақ.
Джиенкулова Акбопе Кадырбаевна,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.