27
апрель
2023
9 "А" сыныбында 28 сәуірде «Мектепке алып келуге тыйым салынған заттар»

9 "А" сыныбында 28 сәуірде «Мектепке алып келуге тыйым салынған заттар»
тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ережесін түсіндіру. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларды пайдалануға шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін түсіндіру. Атап айтсақ, білім ұяларына қару-жарақ пен оған ұқсас заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығын ескертілді.Сондай-ақ өткір, үшкір, жарылғыш, улы заттарды алып кіруге болмайды. Бұл талап орындалмаған жағдайда ата-аналар жауапқа тартылатындығы ескертілді. Сонымен қатар, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығы айтылды. Салауатты өмір салтын ұстану басты мақсат екені ескертілді.