«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция өтті » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция өтті
21
май
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция өтті






   «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда, 15-25 мамыр айының аралығында Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция өтті.
Шараның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
Сонымен қатар, кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, балаларды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға аталмыш білім ордасының ұстаздары мен оқушылары қатысып көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті. НАлдабергенов атындағы орта мектебінің кітапханашылары өз атынан құнды кітаптар ұсынып, акцияға атсалысқан қатысушыларға алғысын білдіріп мақтау қағазымен марапаттады