Ағымдағы жылдың 31-тамызы күні​ мектебімізде №1 педагогикалық кеңес өтті.​ » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағымдағы жылдың 31-тамызы күні​ мектебімізде №1 педагогикалық кеңес өтті.​
31
август
2023

Ағымдағы жылдың 31-тамызы күні​ мектебімізде №1 педагогикалық кеңес өтті.​

Ағымдағы жылдың 31-тамызы күні​ мектебімізде №1 педагогикалық кеңес өтті.​

Педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылының мақсат, міндеттері айқындалып, өткен оқу жылына қорытынды жасалды.

Мектеп директоры Абдраймова Ф.Қ 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының​ жалпы орта​ білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау​ хатпен таныстырып өтсе, мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Касенова М.А мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын және инклюзивті білім алушылардың оқытылуын ұйымдастыру процесімен таныстырды. Сондай-ақ мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базарбекова М.Н бастауыш сыныпты ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарымен таныстырды.

Педагогикалық кеңесінің​ күн тәртібіндегі барлық ​ мәселелер​ қаралып, талқыланды. Педагогикалық кеңесті қорытындылай келе,​ ұстаздардың​ сағаттық жүктемесі мен білім беру жүйесіндегі өзгерістер талқыланды.

Мектеп директоры Абдраймова Фарида Қазтаевна барлық ұстаздарды жаңа оқу жылының​ басталуымен​ құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.