6 «Ә» сыныбында «Мен және Заң» тақырыбында сынып сағаты өтті. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 6 «Ә» сыныбында «Мен және Заң» тақырыбында сынып сағаты өтті.
09
февраль
2024

6 «Ә» сыныбында «Мен және Заң» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру және ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Сынып сағатында интерактивті тақта арқылы оқушыларға бала құқығы туралы бейнефильм көрсетілілді. Балалар Қазақстан Республикасының Конституциясы кітапшасымен, «Қазақтың Ата Заңдары, «Баршаға арналған адам құқығы» және басқа кітаптармен қысқаша танысып, слайдпен жұмыс жасады.
Кейбір оқушылар таным түсініктерін кластерге түсіріп, кейбір оқушылар шығармашылық жұмыс жасап, сурет салды.