Көксу аудандық кітапханасы және Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ер мұраты» атты ерлік сағаты өтті. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көксу аудандық кітапханасы және Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ер мұраты» атты ерлік сағаты өтті.
07
май
2025

Көксу аудандық кітапханасы және Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ер мұраты» атты ерлік сағаты өтті.






Көксу аудандық кітапханасы және Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ер мұраты» атты ерлік сағаты өтті.

Шараға 18386 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Алекеев Медет Абдуллаұлы, (ГСВГ, ГВВД) ардагері Берік Бабылжанов және (ГСВГ, МВД) ардагері Есбосынов Мұрат Әбдірахманұлы қатысып, оқушыларға құттықтау сөз сөйлеп, әскери тәртіп туралы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда келісімшарт негізінде қызмет атқарып жатқан Дәкенов Амангелді жас буынмен өзінің әскери тәжірибесімен бөлісіп, армияның маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, дәл қазіргі уақытта Отан алдындағы борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Тұрарбай Эльдар оқушыларға армияда сенімділік пен шыдамдылықтың маңызды екенін айтып, әскери өмірдің қызықты тұстары мен күнделікті тәртібі туралы әңгімеледі.

Келесі сөз кезегін Көксу ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы Нарұл Абайұлы алып, әскер қатарында борышын өтеп келген азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер мен қолдаулар жайлы кеңінен айтып өтті.

Шара барысында Қ.Қ. Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арнап өлең жолдарын оқыса, Мәдениет үйінің әншілері Қымбат Омарғазинова мен Айнұр Букебай ән шашуларын тарту етті.

Сонымен қатар, Көксу аудандық кітапхана директоры А.Түстікбаева ер азаматтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, келген қонақтарға сый-сияпат табыстады. 18386 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Алекеев Медет Абдуллаұлы кітапхана директоры Айгерім Айдарқызына әскери бөлім командирі подполковник М.Манашевтің атынан «Алғыс хатты» табыстады.

Шара соңында қатысушылар ерекше әсер алып, патриоттық рухпен жігерленіп қайтты.

Құрметті ер азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің тыныштығын күзетіп, бейбіт өміріміздің қорғаны болып жүрген барша сарбаздар мен ардагерлерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Похожие публикации: