2025 жылы 10 желтоқсан күні 5 «Б», 6 «Б» сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты танымдық сайыс өткізілді. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылы 10 желтоқсан күні 5 «Б», 6 «Б» сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты танымдық сайыс өткізілді.
10
декабрь
2025

2025 жылы 10 желтоқсан күні 5 «Б», 6 «Б» сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты танымдық сайыс өткізілді.

2025 жылы 10 желтоқсан күні 5 «Б», 6 «Б» сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» атты танымдық сайыс өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерінің маңызын түсіндіру, халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық дүниетанымын кеңейту және жас ұрпақтың бойында ұлттық болмысқа деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Сайыс барысында қатысушылар халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, киіз үйдің құрылысы, қазақ қолөнері сияқты бағыттар бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Әр кезең оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық әлеуетін, топпен жұмыс жасау қабілетін дамытуға бағытталды.
Сайыс кезеңдері:
1-кезең: «Таныстыру».
2-кезең: «Салт-дәстүр сыр сандығы». (сиқырлы сандық)
3-кезең.«Мақал сөздің мәйегі».
https://wordwall.net/ru/resource/103753659
4-кезең: «Қазақы код». (оюды құрастыру).
5-кезең: «Ұлттық IQ – Дода».
6-кезең. « Кім жылдам?».
Шара соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, ұлттық мұраға құрмет көрсету – әрбір жас ұрпақтың парызы екені атап өтілді. Сайыс оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтті.