08
январь
2026
ұқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептің айлық жоспарына сай”Құқық және менің таңдауым” тақырыбында Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте 15.01.2026 жылы 8-10 сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептің айлық жоспарына сай”Құқық және менің таңдауым” тақырыбында Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте 15.01.2026 жылы 8-10 сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты:”Оқушылардың тұлғалық көзқарасын қалыптастыру, өмірлік таңдау, болашақ мамандық, құндылықтар мен жауапкершілік туралы ойларын эссе жазу арқылы ашу. Жастарды саналы шешім қабылдауға, өз пікірін еркін әрі сауатты жеткізуге баулу”.Байқауға 21 оқушы қатысты қатысушылар эссе жазу барысында өз өміріндегі маңызды таңдау, болашақ мамандық,адамгершілік құндылықтар,жауапкершілік пен мақсат ,өз міндет -мақсатары туралы ойларын қағазға түсірді.Байқау жұмыстары мазмұнының тереңдігі,ойдың жүйелілігі,тіл байлығы,сауаттылығы және шығармашылық көзқарасы бойынша бағаланды.Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Аталған байқау оқушылардың өзін-өзі тануына, жеке көзқарасын қалыптастыруына және шығармашылық белсенділігін арттыруға зор ықпал етті.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі :Н.М.Чалабаева
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі :Н.М.Чалабаева