Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі Тілдер мерекесіне орай
«Жас Ұлан» және «Мектеп парламенті» органдарының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде «Тілді меңгеру басты борышымыз» тақырыбында тілдер фестивалі ұйымдастырылды. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге