Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Қабиқожа Батыр Ардақұлы бүгін аудан әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының қабылдауында болды. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Қабиқожа Батыр Ардақұлы бүгін аудан әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының қабылдауында болды.
11
март
2024

Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Қабиқожа Батыр Ардақұлы бүгін аудан әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының қабылдауында болды.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жас ұрпақтың арасына кеңінен насихаттау және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткізілген «ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ» атты республикалық байқауына қатысып жүлделі І дәрежелі дипломы мен төс белгісі және Қызылорда қаласы «EVEREST» баспа үйінің ұйымдастырумен әр облыстың талантты ұл-қыздары, мектеп мақтаныштары жинақталған «Еліміздің маржандары» атты кітабына еніп «Жыл үздігі - 2023» төс белгісімен марапатталды.
Осындай талантты, өнерлі, жан-жақты қазақтың жастарының өсіп жатқандығына аса қуанышын білдіріп, Талапты Батыр – нағыз ХХІ ғасырдың көшбасшысы деген атқа лайықты тұлға, Ұлы Қазақ елінің мақтаулы перзенті бол деген Дәулет Кенжеханұлының тілектері Батырдың бойын жігерлендіре түсті.