01
октябрь
2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар туралы айтқан сөздері жүрекке жақын тиді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар туралы айтқан сөздері жүрекке жақын тиді. Шынында да, ұстаз болу - нағыз білікті, дарынды әрі шебер маманның ғана қолынан келетін іс. Бұл үлкен жауапкершілік пен жанқиярлықты қажет ететін мамандық. Сондықтан да олардың еңбегі әрдайым әділ әрі лайықты бағалануы тиіс.
Қуантатыны жастардың арасында ұстаздыққа деген қызығушылықтың артуы. Әсіресе «Алтын белгі» иегерлерінің мұғалім болуды таңдауы - білім саласының беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Биыл педагогикалық мамандықтарға 13 мыңнан астам грант бөлінуі мемлекет тарапынан жасалып жатқан нақты қолдау.
Жас ұрпақтың халықаралық білім сайыстарында жеңіске жетуі де ұстаздардың еңбегінің айқын жемісі. Дарынды балалардың табысы - мұғалімнің табандылығы мен жанашырлығымен тікелей байланысты. Президенттің олимпиада жеңімпаздарын Ақордада қабылдауы және бұл дәстүрдің жалғасатыны - ұстаздар мен оқушыларға үлкен ынталандыру.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сапалы біліммен қатар саналы тәрбиенің маңызын орынды атап өтті. «Адал азамат» бағдарламасының енгізілуі - ұрпақты ұлттық құндылықтарға негіздеп, отаншыл рухта тәрбиелеудің маңызды қадамы. Ал «Таза Қазақстан» қозғалысына халықтың белсенді қатысуы - қоғамның жауапкершілігі артқанын көрсетеді. Бұл бастама тек экологиялық емес, тәрбиелік мәнге де ие.