06
февраль
2026
Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар және сүйікті оқушылар
Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар және сүйікті оқушылар!
Биыл қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халқымыздың жүрегінен мәңгі орын алған ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Бұл айтулы мерейтой – рухани қазынамызды дәріптеп, жас ұрпақтың поэзияға, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыруға берілген үлкен мүмкіндік.
Осыған орай, мектебімізде «Поэзия, мен өлсем де, сен өлме!» атты челлендж бастау алып отыр. Баршаңызды осы игі бастамаға белсене қатысуға шақырамын.
Челлендж аясында:
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу;
Ақын шығармаларына арналған бейнероликтер, көркем оқу, сахналық көріністер ұсыну;
Өлеңдерінен үзінділерді жүрекпен жеткізу арқылы рухани әсер сыйлау ұсынылады.
Бұл челлендж – тек өнер сайысы ғана емес, ол – поэзияға тағзым, ұлттық рухты ұлықтау, сөз құдіретін сезіну жолындағы ортақ қадам.
Баршаңызға шығармашылық шабыт пен белсенділік тілеймін!
Ұлы ақын мұрасын бірге дәріптейік!
Ізгі ниетпен,
Мектеп директоры: Жексембекова Гүлбаршын Жаксыбаевна