04
февраль
2026
04.02.2026 жылы мектебімізде «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында құзырлы орган қызметкерлерімен кездесу өтті.
04.02.2026 жылы мектебімізде «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында құзырлы орган қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, кибербуллингтің алдын алу, жеке деректерді қорғау және әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, цифрлық ортада кездесетін қауіп-қатерлер мен олардан сақтану жолдары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді. Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу өте мазмұнды әрі пайдалы өтті. 




