Мектебімізде полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлері» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлері» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
20
февраль
2026

Мектебімізде полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлері» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлері» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздікті сақтау және заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.
📑Атап айтқанда, некеге мәжбүрлеудің адам құқықтарын өрескел бұзатыны, мұндай әрекеттер үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. Сонымен қатар сталкингтің (қудалаудың) түрлері, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы мазалау, қорқыту, заңсыз бақылау жасау фактілері және олардың құқықтық салдары туралы айтылды.

👮🏻Полиция қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық түрлеріне тоқталып, мұндай жағдай орын алған кезде қайда жүгіну керектігін, көмек алу жолдарын нақты түсіндірді. Оқушыларға сенім телефондары, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі және өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.
👮🏻Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңестер алды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және заңға құрмет сезімін қалыптастыру.
🔷Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.