8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт өтті. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт өтті.
07
март
2026

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт өтті.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт өтті. Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары арнайы шақырылып, құрметті қонақ ретінде қатысты. Кеш барысында мектеп директоры Жексембекова Гүлбаршын Жақсыбаевна ұстаздарды еңбектері мен шәкірт тәрбиелеудегі зор үлестері үшін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

💐💐Мереке барысында мектебіміздің ер мұғалімдері әсем ән шырқап, барша ару ұстаздарымызға гүл шоқтарын сыйлады. Сонымен қатар, оқу-тәрбие жұмысында жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген бірқатар мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.

💐💐Кеш барысында оқушылар да өз өнерлерін көрсетіп, әдемі ән айтып, мың бұрала би билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

🧩🧩Мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барша ұстаздарға қуаныш пен шаттық сыйлаған әсерлі кеш болды.