Ағымдағы жылдың 08 ақпан күні Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Ата-аналардың буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу бойынша сауаттылығын арттыру» тақырыбында ата-аналар комитет мүшелерімен шебер сынып өткізілді. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағымдағы жылдың 08 ақпан күні Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Ата-аналардың буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу бойынша сауаттылығын арттыру» тақырыбында ата-аналар комитет мүшелерімен шебер сынып өткізілді.
08
февраль
2024

Ағымдағы жылдың 08 ақпан күні Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Ата-аналардың буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу бойынша сауаттылығын арттыру» тақырыбында ата-аналар комитет мүшелерімен шебер сынып өткізілді.





Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстық әрекеттер, зорлық-зомбылық және буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру.
Шебер сыныпқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Талипова, мектеп директоры Г.Умирхалыкова, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы С.Саитова, аудандық полиция бөлімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, 5 – 8 сынып ата-аналары қатысты. Кездесудің кіріспе сөзін мектеп директоры бастап жалпы мектептің 2023-2024 оқу жылындағы жағдайы және әлеуметтік паспортымен таныстырып өтті. Шебер сынып барысында «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не, онымен қалай күресеміз?» тақырыбында 5 сынып жетекшісі Г.Баракова баяндама оқып, мектептің педагог-психологы А.Айтбекова «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша кеңестер берді.
АПБ қызметкері, мектеп инспекторы Қ.Тойбазаров сөз алып буллинг, кибербуллингтің алдын алу жолдары туралы айтып, ата-аналардан жалпы балаларының тәртібі мен өмір қауіпсіздігіне баса назар аударып, көңіл бөлулерін сұрады.