02
май
2023
LESSON STADY сабақтарының қорытынды вебинары!
2023 жылдың 28-сәуірінде Н. Алдабергенов атындағы орта мектебіміздің шығармашыл тобының ұстаздары облыстық М.Арын атындағы мектеп лицейінің басшылығымен магниттік мектептермен кесте бойынша жүргізіліп жатқан облыстық вебинар өткізді.
Вебинар тақырыбы: «Мұғалімнің өз іс-әрекетін зерттеуі - шығармашылыққа, зерттеушілікке негізделген әрекет».
Мақсаты: мұғалімнің шығармашылық, зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру арқылы нәтижеге қол жеткізу.
Өзара тәжірибе алмасу болды. Облыстық вебинарға «Исследование в действии на уроках математики» атты тақырыпта математика пәні мұғалімі Л.Ф. Кошкарева, «Белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.А.Баядилова, «Желілік қауымдастық аясында бірлескен зерттеу сабағының тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі пәні мқғалімі Н.М.Чалабаева, «Зерттеу барасындағы бірлескен ҚМЖ құрудың кемшіліктері мен артықшылықтары» Абайқызы Айгүл, «Мұғалім тәжірибесіндегі іс әрекеттегі зерттеудің ерекшелігі мен тиімділігі» атты тақырыпта тарих пәні мұғалімі Д.Г.Даирбекова өздері қатысқан зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
Соңынан вебинарға қатысқан ұстаздардан кері байланыс алынып, болашақ жоспарға жаңа ұсыныстарды қабылдады.