11
декабрь
2025
Н. Алдабергенов атындағы орта мектепте өтіп жатқан Психология апталығының кезекті күні – «Қарым-қатынас Күні» деп жарияланды.
Н. Алдабергенов атындағы орта мектепте өтіп жатқан Психология апталығының кезекті күні – «Қарым-қатынас Күні» деп жарияланды. Бұл күннің негізгі мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін, ақпараттық қауіпсіздігін және өмірлік маңызды дағдыларын нығайту.Осы күні оқушыларға арнайы семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жеке деректерді қорғау, интернеттегі алаяқтықтан сақтану және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. «Қарым-қатынас Күнінің» ең маңызды бөлігі – мектеп ортасында және цифрлық кеңістіктегі агрессивті мінез-құлықтың алдын алуға арналды. Буллинг және Кибербуллинг: Оқушыларға буллингтің (қорқыту, кемсіту) түрлері мен оның психологиялық зардаптары туралы түсіндірілді. Кибербуллинг жағдайында не істеу керектігі (скриншот жасау, бұғаттау, ересектерге хабарлау) туралы нақты алгоритмдер ұсынылды. Психологтар балалардың өздеріне зиян келтіруге бағытталған мінез-құлық түрлерін (мысалы, өзін оқшаулау, өзіне қол жұмсау ойлары) ерте тану және олардың алдын алу жолдарына тоқталды. Оқушыларға қиындықтар туындаған кезде сенім телефонына, психологқа немесе ата-анаға жүгінудің маңыздылығы ескертілді. «Қарым-қатынас Күні» оқушыларға цифрлық әлемде қауіпсіз жүруді үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, сыйластық пен қолдауға негізделген мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды. @koksu_bilim @psyhologia_ortalygy_koksu 






