14
февраль
2024
14.12.2023 күні Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Бірлік» желілік қауымдастық шығармашылық тобының № 2 отырысы және «Ең зор табыс – тәжірибе сабақ» тақырыбында семинары өтті.
Семинар барысында топ жетекшісі Г.Баядилова «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында коучинг сабақ өткізіп, үлгерімі төмен оқушылармен атқарылатын жұмыстардың қиын тұстарын, басқа да мүмкіндіктерін атап, түрлі рөлдік ойындар мен тренингтер арқылы қатысушыларға ой салды. Математика пәні мұғалімі Л.Кошкарева «Через работу ассистентов повысить интерес к предмету слабоуспевающих учащихся» іс-әрекеттегі зерттеуі бойынша рефлексивті есебі тыңдалды. Мұғалім топппен шебер-сынып көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті. «Дене шынықтыру сабағында 2Г сынып оқушыларын жеңілдетілген жаттығу түрлері арқылы оқыту» тақырыбында Р.Е.Айтқазыеваның, «Ағылшын тілі сабағында 4Д сыныптың үлгерімі төмен оқушыларының сөйлеу дағдысын ойын түрлері арқылы дамыту» тақырыбындағы А.Ж.Қамиттің, «Развитие навыков говорения на уроке английского языка у слабоуспевающих учащихся через использование коммуникативных технологий» тақырыбындағы Ж.Қ.Кушагенованың іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының рефлексивті есептері тыңдалды. Аталған мұғалімдер жұмыстарына анализ жасап, үлгерімі төмен оқушылармен қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімді, тиімсіз жақтарын атап өтті.
Сондай-ақ, «Топтық жұмыстың артықшылығы мен тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Қ.Б.Илипбаева шебер-сынып жүргізіп, топтық жұмыстың түрлері және артықшылықтары туралы айтып, теорияны практикада ұштастыра білді.
Семинар соңында қатысушы педагогтер кері байланыстарын беріп, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Әдістемелік қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырғанын айтты.