11
апрель
2024
Ағымдағы жылдың 1-сәуірінде мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп мұғалімдерімен «Кітапқа құштарлық танытайық» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Аталмыш жобаны ұстаздар қауымының арасында насихаттау.«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналар, ұстаздардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.
Мектеп мұғалімдері іс –шара барысында оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру керектігін айтты. Сондай-ақ оқушылар үшін рухани құндылықтарды, оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында үзілістер арасында ертегілерді оқу ұйымдастырылатындығын айтты.
Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, «Әкеммен кітап оқимын» акциясы, «Көксу өңірінің оқырман отбасы» байқауын өткізгендігін атап өтті.
Шара сонында Ел Президентінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханашыларымен бірге сынып жетекшілер арасында көптеген жұмыстар жүзеге асырылатындығы айтылды.