05
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Көксу ауданының Жамбыл ауылындағы тау бөктерінде аудандық «Жас Ұлан – 2026» әскери-спорттық ойыны ұйымдастырылды.

⚜️ Іс-шараға аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жастарға патриоттық рух пен елге қызмет етудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарды марапаттап, сый-сияпат табыстады.
⚜️ Шара барысында аудан мектептерінің оқушылары әскери-спорттық сайыстарда өз бақтарын сынады. Қатысушылар саптық дайындық, әскериленген кедергілерден өту, қаруды шашып-жинау, мылтық ату, кермеге тартылу сынды кезеңдер бойынша бақ сынасты.
⚜️ Сонымен қатар, аудан басшысы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды. Оларға ерекше құрмет көрсетіліп, ақжарма тілектер айтылып, сый-сияпат табысталды.
⚜️ Іс-шараға аға буын өкілдері, әскери бөлім командирі мен Ауған соғысы ардагерлері қатысып, жас ұрпаққа жігерлі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, 18-404 әуе шабуылы десанты бөлімінің сарбаздарының қатысуымен арнайы ұрыс қимылдарының көрінісі қойылып, көрермендерге әскери дайындықтың маңыздылығы насихатталды.
🏆 Аталған әскери-спорттық ойында мектебіміздің жас сарбаздары белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл жетістік – оқушылардың патриоттық рухы мен табандылығының айқын көрінісі.