06
май
2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті.
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында мұғалімдер ер азаматтарды айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Оқушылар патриоттық әндер айтып, тақпақтар оқып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, ел қорғаушыларға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды





