22.04.2026 ж. күні мектебімізде «Заң және тәртіп» жобасы аясында Қалдыбаева Ләззат Кенесовна 8-сынып оқушыларына «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында тәлімгерлік сабақтарын өткізді. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22.04.2026 ж. күні мектебімізде «Заң және тәртіп» жобасы аясында Қалдыбаева Ләззат Кенесовна 8-сынып оқушыларына «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында тәлімгерлік сабақтарын өткізді.
22
апрель
2026

22.04.2026 ж. күні мектебімізде «Заң және тәртіп» жобасы аясында Қалдыбаева Ләззат Кенесовна 8-сынып оқушыларына «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында тәлімгерлік сабақтарын өткізді.

22.04.2026 ж. күні мектебімізде «Заң және тәртіп» жобасы аясында Қалдыбаева Ләззат Кенесовна 8-сынып оқушыларына «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында тәлімгерлік сабақтарын өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымдарын түсіндіру, олардың зияны мен салдарын ұғындыру, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын көрсету болды. Тәлімгерлік сабақ барысында оқушыларға психологиялық қысым көрсету, қорлау, мазақ ету сияқты әрекеттердің құқықтық және адамгершілік тұрғыдан дұрыс еместігі жан-жақты түсіндірілді.

Сабақ интерактивті форматта өтті. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, буллингке ұшыраған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, кибербуллингтің әлеуметтік желілер арқылы таралу ерекшеліктері, оның қауіптілігі және одан қорғану тәсілдері қарастырылды. Оқушыларға сенімді ересектерге жүгіну, дәлелдерді сақтау, интернет қауіпсіздігін сақтау сияқты маңызды кеңестер берілді.

Тәлімгер сабақ барысында әрбір адамның қауіпсіз ортада білім алуға құқығы бар екені атап өтіліп, құрдастар арасында сыйластық пен түсіністікті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше айтылды.

Іс-шара соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, буллингке қарсы тұруда бір-біріне қолдау көрсету қажеттігін түсінді. Мұндай тәрбиелік мәні зор сабақтар оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, олардың жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
 

Похожие публикации: