Бүгін Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде “1 қыркүйек – Білім күніне” арналған салтанатты жиын болып өтті. » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде “1 қыркүйек – Білім күніне” арналған салтанатты жиын болып өтті.
01
сентябрь
2024

Бүгін Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде “1 қыркүйек – Білім күніне” арналған салтанатты жиын болып өтті.

Бүгін Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде “1 қыркүйек – Білім күніне” арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын еліміздің мемлекеттік әнұранымен басталды. Жиынға 1-11 сынып оқушылары толық қатысып, алғаш рет мектеп табалдырығын 110 бүлдіршін аттады.
Жиынға облыстық әдістемелік бөлімнің маманы Далабаева Гүлназ Бақытжанқызы, әдеп құқық менторы Адилбеков Асыл мен ардагер ұстаздар қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Умирхалыкова Гульбану Амангелдиновна алып, оқушыларды алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтап, ата-аналар мен мектеп ұжымын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сондай-ақ мектеп директоры мектеп ұжымына, ана-аналар мен оқушыларға мектебімізге жаңадан келген ментор Адильбеков Асыл мырзаны таныстырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
45 минутқа созылған салтанатты жиында мектебіміздің символына айналған “Нұрмолда ата” әні шырқалып, 11-сынып оқушылары мектеп қабырғасын аттағалы отырған бүлдіршіндермен бірге алғашқы қоңырау соқты.





Похожие публикации: