19.01.2026 ж. мектебімізде Химия, Физика, Биология, География пәндері бойынша апталықтың ашылуы өтті » Жетісу облысы Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 19.01.2026 ж. мектебімізде Химия, Физика, Биология, География пәндері бойынша апталықтың ашылуы өтті
19
январь
2026

19.01.2026 ж. мектебімізде Химия, Физика, Биология, География пәндері бойынша апталықтың ашылуы өтті

19.01.2026 ж. мектебімізде Химия, Физика, Биология, География пәндері бойынша апталықтың ашылуы өтті. Апталықтың ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі қызықты сұрақтар қойылып, белсенді қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.👩🏻‍🎓
🏫Іс-шара барысында аталған пәндердің адам өміріндегі маңызы мен ғылымдағы рөлі туралы айтылып, оқушыларға танымдық мәліметтер берілді. Әр пән мұғалімдері апталық барысында өткізілетін ашық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, пәндік сайыстар, викториналар мен интеллектуалдық ойындар туралы қысқаша таныстырылым жасады.
🏫👩🏻‍🎓Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу және пәндерге деген қызығушылығын арттыру. Ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Алдағы іс-шаралардан үлкен нәтижелер күтілуде.👩🏻‍🎓🏫